8 октября 2025


ҰЛТТЫҚ РУХТАҒЫ ТӘЛІМ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер үшін ерекше танымдық дәріс ұйымдастырылды. «Ұлттық рухта тәрбие алса, ұлтын сүйетін ұрпақ өседі» атты кездесудің құрметті қонағы – ардагер ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Рыскен Әбішева болды.

Рыскен Әбішева жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, елін сүйетін азамат тәрбиелеудің маңызы жөнінде терең ойларымен бөлісті. Кездесу барысында ол өзінің ұстаздық жолынан мысалдар келтіріп, студенттерді білім мен руханиятты қатар ұштастырып, мемлекетіміздің болашағы үшін адал қызмет етуге шақырды.

Жиынға қатысқан студенттер мен жас оқытушылар қонаққа мазмұнды сұрақтарын қойып, тағылымды әңгімеден рухани әсер алды. Бұл дәріс жастарға ұлттық болмыс пен патриоттық құндылықтарды ұғындыруда үлкен мәнге ие болды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті осындай кездесулер арқылы білім алушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеуді, рухани даму мен мәдени құндылықтарды дәріптеуді жалғастыра береді.