«Күміс университеті» жобасы
«Күміс университеті», оның басты міндеті – егде жастағы адамдардың қазіргі өмірге, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге сәтті бейімделуіне қолайлы жағдай жасау.
«Күміс университеті» қызметінің мақсаты:
– аға буынның әлеуметтік белсенділігін арттыру.
«Күміс университетінің» міндеттері:
– компьютерді меңгеру дағдыларын жетілдіру;
– қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру;
– шет тілдерін үйрену және тереңдету;
– жас психологиясын түсіну;
– сауықтыру.
«Күміс университет» жұмысына университеттің ПОҚ жұмылдырылған.
«Күміс университетінде» сабақтар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
– «Компьютерлік сауаттылық»
– «Құқықтық сауаттылық»
– «Рухани даму»
– «Салауатты өмір салты»
– «Тілдерді оқыту»
Курстық бағдарламалар:
– «Арт-терапия: сурет салу терапиясы. Денсаулықтың әлеуметтік-психологиялық факторлары. МАК-пен жұмыс: «Бақыттың жасы».
– «Рационалды, емдік және диеталық тамақтану»/«Рациональное, лечебное и диетическое питание».
– 50 жастан асқаннан кейінгі сандық сауаттылық және критериалды ойлау;
«Туристерге арнаған ағылшы тілі (байланыс үшін)»/«Английский для туристов (для общения)»;
– «Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу үшін АКТ пайдалану»/ «Использование ИКТ для работы в социальных сетях»;
– «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері»/ «Основы бизнеса и предпринимательства;
– «Жаңадан үйренуді бастаған ересектеге арналған шахмат»/«Обучение шахматам для начинающих взрослых».
«Күміс университетінде» оқу бір жылға арналған жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Сабақтар аптасына 2 рет өткізіледі.
Бір сабақтың ұзақтығы – 1 академиялық сағат.
Бір оқу курсының ұзақтығы 1,5-2 айдан аспайды.
Сабақ кестесі тыңдаушылардың тілектеріне сәйкес жасалады.
«Күміс университеті» қызметінің бағыттарының саны әлеуетті тыңдаушылардың сұраныстары мен тілектеріне сүйене отырып толықтырылуы мүмкін.
Тыңдаушылар тобы 12 адамнан аспайды.
Сабақтарды өткізу формалары: дәрістер, семинарлар, тренингтер. Сабақтар топқа бөлу түрінде өткізіледі.
Сабақ форматы офлайн және онлайн.
Сабақтың (курстың) соңында сертификат беріледі.
Байланыс ақпараты: тел.: 8 7232 25-22-84
WattsApp: +7 705 509 21 11 E-mail: resurscentrvku@mail.ru
Мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55, 207 каб.