«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Картаева Айжан Маратбековна

Директор

Директор – Картаева Айжан Маратбекқызы филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

БІЛІМІ:

1992-1996 жж. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Мамандық: «Қазақ тілі мен әдебиеті» (үздік).

1996-1998 жж. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті магистратурасы. Мамандық: «Әдебиеттану»  (үздік).

2002 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Абай мұрасы М.Әуезов шығармашылығында» («Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. (23 қазан 2002 ж. № 44).

2010 ж. Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай мен М.Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. (2 наурыз 2011 ж. №1 хаттама).

2018 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды (24 желтоқсан, 2018 ж. №2022 бұйрық).

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

1998-2017 жж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры.

2017-2019 жж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі.

2019-2020 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

2020 жылдың сәуір айынан бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры.

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ:

Абайтану, әуезовтану, әдебиеттану, Шығыс Қазақтан өңірінің әдеби мұралары саласында 250-нен аса ғылыми-әдістемелік, әдеби-танымдық мақалалардың, соның ішінде 3 монография, 12 оқу құралы, 2 электронды оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.

МАРАПАТТАРЫ:

— «Ғылыми мәселелерді шешуге белсенді қатысатын, ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан талантты жастарға арналған Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының иегері» (2006-2008 жж.)

— «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 2011 жылдың үздік оқытушысы» Өскемен, 2011.

— «2012 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» ҚР Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2012.

— Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы іргелі зерттеулері үшін Европаның алтын медалімен марапатталған. DIPLOM DI MERITO Москва, 2013.

— Университет жылнамасы беттеріне қосқан қомақты үлесі үшін «Университет мақтанышы» құрмет белгісімен (2012)

— Жоғары оқу орнымыздың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Университеттің құрметті докторы» төсбелгісімен (2013) марапатталған.