Биология кафедрасы

Қабатаева Жадыра Қанатқызы
Биология кафедрасының меңгерушісі (2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап), биология магистрі, биология кафедрасының сениор-лекторы
Кафедра тарихы
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасының тарихы 1952 жылы Өскемен педагогикалық институтының құрылуынан бастау алады. Осы жылды кафедраның қалыптасуы мен одан әрі дамуының бастау кезеңі деп санауға болады.
1953 жылы жаратылыстану кафедрасы қайта ұйымдастырылып, екі дербес кафедраға: зоология кафедрасы мен ботаника және химия кафедрасына бөлінді. Осы кезеңде зоология кафедрасын биология ғылымдарының кандидаты, доцент Лидия Сергеевна Пашина басқарды.
1958–1959 оқу жылында жаратылыстану бағыты бойынша профессор-оқытушылар құрамы зоология, ботаника және химия кафедраларының аясында біріктірілді. 1972 жылға дейін зоология кафедрасын биология ғылымдарының докторы, профессор Валерьян Семенович Бажанов басқарды.
1985 жылы ботаника және зоология кафедраларының бірігуі нәтижесінде биология кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметіне биология ғылымдарының кандидаты, доцент К. Ж. Сыбанбеков тағайындалды.
1992 жылға дейін кафедрада «География және биология» және «Химия және биология» мамандықтары бойынша мамандар даярлау қатар жүргізіліп, түлектерге «биология және география пәндерінің мұғалімі» және «химия және биология пәндерінің мұғалімі» біліктіліктері берілді.
Жоғары білім берудің көпсатылы жүйесіне көшуге байланысты 1991 жылдан бастап «Биология» мамандығы бойынша биология бакалавры академиялық дәрежесі мен биология пәнінің мұғалімі біліктілігін беретін мамандар даярлау басталды.
1997–2000 жылдары биология кафедрасын биология ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Г. Воробьёва басқарды. 2000–2005 жылдары кафедраға биология ғылымдарының кандидаты К. К. Бурунбетова жетекшілік етті. Ол 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Биология және жаратылыстану» мамандығы бойынша бітірген.
2006–2014 жылдар аралығында әр кезеңде кафедраны биология ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар А. С. Шарипханова, Ж. Т. Игисинова, Г. Е. Садыканова, сондай-ақ биология ғылымдарының магистрі Г. К. Комекова басқарды.
2014 жылдан 2026 жылғы 31 тамызға дейін биология кафедрасын биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А. А. Китапбаева басқарды. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап биология кафедрасының меңгерушісі қызметін биология магистрі Жадыра Қанатқызы Қабатаева атқарады.
Қазіргі уақытта кафедрада қалыптасқан ғылыми және педагогикалық дәстүрлерді лайықты жалғастырып жүрген кафедра түлектері еңбек етеді. Олардың қатарында биология ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары, қауымдастырылған профессорлар А. А. Китапбаева, А. С. Шарипханова, Ж. Т. Игисинова, Г. Е. Садыканова, К. Б. Алипина; биология магистрлері, сениор-лекторлар Б. К. Карменова, Г. К. Комекова, А. М. Ақзамбек бар.
1995 жылы «Биология» мамандығы бойынша магистратураның ашылуы кафедраның дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Қазіргі уақытта магистранттар даярлау 7М01505-«Биология» және 7М05101 — «Биология» білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. 2018 жылдан бастап кафедрада 8D01505 — «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторларын даярлау жүргізілуде.
2018 жылы 6В08301 — «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» және 6В01512 — «Биология-жаратылыстану» жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, мақұлданды. 2019 жылы 6В08301 білім беру бағдарламасының атауы «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы» болып өзгертілді. 2023 жылы Финляндияның озық тәжірибесі мен білім беру стандарттары ескеріле отырып әзірленген 6В01516 — «Биология IP» білім беру бағдарламасы бекітілді.
Бүгінгі таңда биология кафедрасы университеттің қарқынды дамып келе жатқан оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Көпжылдық академиялық дәстүрлерге сүйене отырып, кафедра білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жетілдіреді, ғылыми зерттеу бағыттарын кеңейтеді және заманауи педагогикалық технологияларды енгізеді. Кафедраның қызметі білім беру, ғылым, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында сұранысқа ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.
Биология кафедрасының білім беру бағдарламалары
Бағдарламаны таңдап, толық ақпаратты ашыңыз
Биология кафедрасының көшбасшылығы мен мойындалуы
Рухани-адамгершілігі жоғары, экологиялық жауапты тұлғаны қалыптастыру
-
ПатриотизмАзаматтық және патриоттық тәрбие — Н. Тілендиевтің 100 жылдығына, Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына, Абайдың 180 жылдығына, Ә. Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған іс-шаралар.
-
Экология және ғылым«Білгірлер сайысы — Мәртебелі Биология!» байқауы, субботниктер, табиғатты қорғау акциялары, «Құстарға қамқоршы болайық» (Құстар күні) іс-шарасы, этнопарк пен мұражайларға экскурсиялар.
-
Адамгершілік және құқықІзгілік, адалдық, еңбексүйгіштік тақырыбындағы семинарлар. Құқық қорғау органдарымен кездесулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс, құқық бұзушылықтардың алдын алу.
-
Спорт және мәдениетСпорттық жарыстар, марафондар, ұлттық ойындар, салауатты өмір салтын насихаттау. Театрларға, халық шығармашылығы көрмелеріне ұжымдық барулар.
Шығыс Қазақстан экожүйелерінің биологиялық алуантүрлілігі
- Соңғы 5 жылда Web of Science және Scopus базаларында 26-дан астам мақала. Жыл сайын студенттер мен магистранттармен бірлесіп ғылыми жинақтар мен конференцияларда 50-ге дейін мақала жарияланады.
- ҚР БҒМ гранттары: ГАЖ-технологияларын қолдана отырып ШҚО халқының денсаулық көрсеткіштерінің кеңістіктік-уақыттық динамикасын модельдеу (Садыканова Г.Е.); дендроиндикация әдісімен техногендік факторлардың ағаш тұқымдастарына әсерін зерттеу (Алипина К.Б.).
- START-UP жобалары: 1-орын (250 000 тг) — экологиялық таза адсорбцияланған ара шаруашылығы өнімі (Гладышев А.О., 2023); 2-орын (200 000 тг) — прополис сығындысы негізіндегі «Денсаулық капсуласы» (2024).
- ШҚО мектеп оқушылары арасында биологиядан жыл сайынғы аймақтық олимпиада. Жеңімпазға 4 жылдық оқуға ректорлық грант беріледі. Кафедра ПОҚ оқушылардың ҒЗЖ жюриі мен жетекшісі болып қатысады.
Халықаралық тағылымдамалар және жоо-лармен серіктестік
Оқу құралдары, электрондық ресурстар және біліктілікті арттыру
- Шарипханова А.С. — «Биологияны оқыту әдістемесі» (2023, каз.), «Өсімдіктер экологиясы» (2024), «Топырақ биологиясы мен экологиясы» (2024, совм. с Комековой Г.К.)
- Садыканова Г.Е. — «Биоалуантүрлілік және оны бағалау» (2023), электронный курс «Жасушаға саяхат» (Coursera), учебно-методическое пособие для педагогического экзамена (совм. с Тулегеновой Б.З., 2023–2024)
- Колосова С.Ф. — «Биология пчелиной семьи» (2024, совм. с Кашкаровой И.В., Китапбаевой А.А., Алипиной К.Б., Кабатаевой Ж.К.), «Кормовая база животноводства» (2024), «Биотехния и дичеразведение» (2024)
- Алипина К.Б. — «Орман таксациясы» (2025); Игисинова Ж.Т., Кабатаева Ж.К. — лабораторные работы по микробиологии и вирусологии (2020, каз./рус.)
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы
Биология кафедрасы, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Кабатаева Жадыра Канатовна
Биология кафедрасының меңгерушісі (2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап), биология магистрі, биология кафедрасының сениор-лекторы

Китапбаева Алмаш Анашбаевна
биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Садыканова Гульназ Есимбековна
биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының профессор-зерттеушісі

Игисинова Жамал Турсынгожакызы
биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Шарипханова Анаргуль Сайлаубековна
биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Колосова Светлана Федоровна
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Карменова Багдат Казретовна
Биология магистрі, биология кафедрасының сениор-лекторы

Комекова Гульсара Кабиевна
Биология магистрі, биология кафедрасының сениор-лекторы

Алипина Куралай Бауржановна
PhD докторы, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Маратқызы Назерке
Педагогика ғылымдарының магистрі, биология кафедрасының лекторы
Акзамбек Арай Муратхановна
Биология кафедрасының лекторы
Багимбаева Зухра Болатбековна
Биология кафедрасының лекторы
Төлемісова Еркежан Маратқызы
Биология кафедрасының лекторы

Талғатова Жұлдыз Талғатқызы
биология кафедрасының лекторы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі