8 шілде 2026


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты жиында түлектерге жоғары білім туралы дипломдар салтанатты түрде табысталып, оқу, ғылым және қоғамдық өмірде белсенділігімен ерекшеленген жастар арнайы марапаттарға ие болды. Әскери кафедраны аяқтаған түлектерге алғашқы әскери шендері де табысталды.

Бүгінгі түлектер – ертеңгі тілші, аудармашы, тарихшы, филолог және мәдениет пен қоғамның дамуына үлес қосатын білікті мамандар.