6 қаңтар 2025


“ТАБИҒАТТЫҢ СЫРЫН АШ” АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Биология кафедрасында “Табиғаттың сырын аш” атты интеллектуалдық ойын өтті. Оған ҰБТ-ға биология пәнін таңдаған 11 сынып оқушылары қатысты. 1-ші орынды №15 мектептің оқушысы Дидар Диляра, 2-ші орынды Сейітов Е. (№20 мектеп) мен Рахымбекова А. (лицей), 3-ші орынды Өмірбек А. (№15 мектеп) мен Абылғазы Д. (лицей) иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар мен құнды сыйлықтар табысталды. Ойын барысында кафедра оқытушылары профориентациялық жұмыс жүргізіп, қатысушыларды ғылымға шабыттандырды.