7 тамыз 2026


УНИВЕРСИТЕТТЕ СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Орталықтың негізгі мақсаты – білім алушыларды студенттер үйіне орналастыруға қатысты сұрақтарға жедел жауап беру, кеңес беру және туындаған мәселелердің тиімді шешілуіне ықпал ету.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 249-кабинет.