7 мамыр 2026


УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген университет ұжымын және білім алушыларды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Құттықтауында ректор бұл мерекенің ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтардың ерлігі мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды күн екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.

– Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Бүгінгі таңда жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, олардың бойында елге деген адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Бұл ретте білім беру ұйымдарының рөлі ерекше, – деді университет ректоры.

Сонымен қатар, ректор өз сөзінде университет ұжымының ел дамуына қосып жатқан үлесін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріне алғыс білдірді.

Құттықтау соңында Мұхтар Әділбекұлы Төлеген барша қауымға зор денсаулық, отбасылық амандық және ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.