13 қаңтар 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Кәсіби спортшы және “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Шаша Эюбов  джиу-джитсудан “ACBJJ Wold Open Championship” әлем чемпионатында алтынды жеңіп алды. Жыл сайынғы халықаралық спорттық іс-шара Мәскеуде өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген қатысушыларын жинады.

– Мен өзімді мақтан тұтамын, себебі бұл жарысқа қажырлы әрі көп уақытты қажет ететін дайындық бірнеше айға созылды. Халықаралық аренада туған Қазақстанымды лайықты таныстыра алғаныма өте бақыттымын , – деп бөлісті Шаша. 

Шаша бала кезінен бастап жапондық жекпе-жек өнері- джиу-джитсумен айналысады.

Бүгінде жас жігіт ШҚУ-да жоғары білім алып, тек спорттық ғана емес, академиялық өмірде де табысты нәтижелер көрсетуде.