22 сәуір 2025


ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Семейдегі Шәкәрім университетінің “Химия және Экология” кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Б.Баяхметова ШҚУ-ға келіп «6В05304 – Химиялық криминалистикалық экспертиза» білім беру бағдарламасының студенттеріне “Коллоидтық химия” тақырыбында, «7М01504 – Химия» білім беру бағдарламасының білім алушыларына “Органикалық химияның таңдаулы тараулары” тақырыбында, «8D05302 – Химия» білім беру бағдарламасының білім алушыларына “Физикалық химияны оқытудың қазіргі кездегі мәселелері” тақырыбында дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімімен бөліскен серкіктес университетке «химия» кафедрасы алғыстарын білдірді.