22 мамыр 2026


Ш.АЙТМАТОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ИНСТИТУТЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІ

«Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру» атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жоба аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бір топ ғалымы Қырғыз Республикасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2026 жылдың 13–18 мамыр аралығында Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Айтматов атындағы Әдебиет институтында тағылымдамаға Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының келесі өкілдері қатысты:

профессор, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызы;

кафедра меңгерушісі Барбосынова Қарлығаш Түркістанқызы;

қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Бияров Бердібек Нұролдаұлы.

Сапардың мақсаты – ғылыми байланыстарды нығайту, зерттеу тәжірибесімен алмасу және әдебиеттану, фольклортану, лингвистика, түркология бағыттарындағы бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылау болды.

Іссапар барысында зерттеу тақырыбына қатысты теориялық-әдістемелік материалдар жинақталып, әдебиеттануда цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі, сондай-ақ түркі халықтарының топонимиясы мен фольклорлық мұрасын зерттеу жобалары зерделенді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан мен Қырғыз Республикасы өңірлеріндегі ортақ топонимдерге салыстырмалы-типологиялық талдау жүргізудің ғылыми негіздері нақтыланып, бірлескен зерттеулердің әдіснамалық бағыттары айқындалды.

Іссапар қорытындылары халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын түркі кеңістігінде насихаттауға мүмкіндік береді.