6 қараша 2026


ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҒАЛЫМ: АРСТАН ҒАЗАЛИЕВТІҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

2006–2008 жылдары Аманжолов университетінің ректоры қызметін атқарған көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Арстан Мәуленұлы Ғазалиев 75 жасқа толды. Ол отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға.

Мерейтойға орай Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде салтанатты жиын өтті. Оған университетіміздің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Жұмағали Есенбек қатысып, Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Сағидоллақызы Жарасованың құттықтауын жеткізіп, университет ұжымы атынан ізгі тілегін білдірді.

Арстан Мәуленұлының басшылық қызметі мен ғылыми еңбегі білім ордасының тарихында өзіндік із қалдырды. Оның ғылым мен білім саласындағы мол тәжірибесі, кәсіби жолы кейінгі буынға өнеге.

Университет ұжымы мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді!