18 мамыр 2026


UNEС ПРОФЕССОРЫ AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КОГНИТИВТІ ЭКОНОМИКА БОЙЫНША КУРС ӨТКІЗДІ


Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау Ресурстық орталығында Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісім аясында 2026 жылғы 12 мамырдан бастап шақырылған профессор БАРХУДАРОВ МАНСУР ИСА ОҒЛЫның «Цифрлық экономика және қоғам контекстіндегі халықтың когнитивтік әлеуеті» тақырыбындағы авторлық курсы өткізілді.

Курстың мақсаты – цифрлық экономиканың дамуы жағдайында халықтың когнитивтік әлеуетінің рөлін жүйелі түрде түсіндіру, сондай-ақ оны бағалау, басқару және жетілдіру дағдыларын дамыту болып табылады.

Курс құрылымы 9 модульден тұрды:

1. Когнитивтік әлеуеттің теориялық негіздері
2. Цифрлық экономика және ойлау трансформациясы
3. Когнитивтік әлеуетті бағалау
4. Когнитивтік дағдыларды дамыту
5. Даму саясаты мен стратегиялары
6. Когнитивтік әлеует және жасанды интеллект
7. Когнитивтік аналитика және Data-driven тәсіл
8. Ұйымдық және корпоративтік деңгейдегі когнитивтік әлеует
9. Зерттеу және жобалық модуль

Курс барысында когнитивтік капиталдың мәнін ашу, цифрландырудың адам ойлауына әсері, когнитивтік дағдыларды бағалау құралдары, адами капиталды дамыту тәсілдері, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Курс соңында бағдарлама авторы университет оқытушыларына сертификаттарды табыстады.