16 маусым 2026


БІЛІМ МЕН ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің директоры Наталья Ахаевамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі дарынды оқушыларды қолдау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру және болашақ талапкерлерге сапалы білім алуға бағытталған мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында Наталья Ахаева француз жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру жобаларын дамыту және халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту жөнінде ұсыныс білдірді. Тараптар еуропалық білім беру кеңістігімен байланыстарды нығайту талантты жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысында қатысушылар білім беру саласындағы өзара байланысты нығайтып, талантты жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.