4 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ТҮЛЕГІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлегі Түкөшева Малика Саматқызы университетті GPA көрсеткіші 3,59 болатын жоғары нәтижемен тәмамдап, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің Самар аудандық соты әкімшісінің бас маманы – сот отырысының хатшысы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Аталған мүмкіндік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген және мемлекеттік қызмет жүйесіне білікті әрі перспективалы жас мамандарды тартуға бағытталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен тәмамдаған түлектер оқуын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде жекелеген әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындала алады.

Түкөшева Малика Саматқызының тағайындалуы жоғары академиялық үлгерім көрсеткен түлектерді мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған қолданыстағы тетіктің тиімділігін көрсетеді.