5 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ: МАЛАЙЗИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ӨЗ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Малайзияның MARA технологиялық университетінің (Universiti Teknologi MARA, UiTM) Бизнес және менеджмент факультетінің профессоры, менеджмент саласының ғылым докторы Джати Касуманың қатысуымен академиялық бағдарлама өтуде.

Шетелдік сарапшының университетте болуы білім алмасу мен кәсіби пікір алмасуға кең мүмкіндік беріп отыр. Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының оқытушылары мен докторанттары үшін экономикалық даму, басқару және бизнес саласындағы заманауи тәсілдердің өзекті мәселелеріне арналған дәрістер мен ғылыми семинарлар ұйымдастырылды.

«Малайзияның даму моделі: қалыптасып келе жатқан нарықтардың тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми семинарға ерекше қызығушылық танытылды. Талқылаудың негізгі өзегіне Малайзияның ауқымды экономикалық трансформациясы арқау болды. Атап айтқанда, шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшу, өнеркәсіптік саясатты дамыту және «орта табыс тұзағын» еңсеру тетіктерін іздеу мәселелері қарастырылды.

Талқылау шетелдік тәжірибені зерделеу аясынан шығып, Малайзияның даму моделінің қандай элементтері Қазақстан үшін өзекті болуы мүмкін екеніне бағытталды. Қатысушылар аталған тәжірибені отандық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып талқылады.

Мұндай кездесулердің құндылығы тек дәрістер мен семинарлардың мазмұнымен шектелмейді. Олар кәсіби диалог орнатуға, жаңа зерттеу идеяларын қалыптастыруға және халықаралық академиялық қауымдастық өкілдерімен тікелей өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Профессор Джати Касуманың қатысуы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің халықаралық байланыстарын дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам болып отыр. Шетелдік сарапшыларды тарту университетке озық ғылыми тәсілдерді білім беру үдерісіне енгізуге, зерттеу қызметінің аясын кеңейтуге және оқытушылар мен докторанттардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.