9 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY МАГИСТРАНТЫ КИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі Экология және география кафедрасының 7М11201 «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс магистранты киокушинкай каратэден өткен ашық республикалық турнирдің чемпионы атанды.

2026 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай «GRAND PRIX ASTANA 2026» ашық республикалық турнирі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша университет магистранты жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Республикалық турнирдегі бұл жеңіс – спортшының табанды дайындығының, мақсатқа ұмтылысы мен қайсар мінезінің жемісі.

AMANZHOLOV UNIVERSITY Аялану Нұғұманованы лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа спорттық жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреді!