5 ноября 2024


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ДАМУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

ШҚУ-да «ГИС-технологияларды қолдана отырып, ШҚО халқының денсаулығы көрсеткіштерінің кеңістіктік-уақыт серпінін модельдеу» гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде «Экологиялық даму және денсаулық сақтау» ғылыми-әдіснамалық семинары өтті. Семинарға студенттер, магистранттар, докторанттар, ПОҚ, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша «Қазгидромет» мамандары қатысты.

Қатысушылар экологиялық қауіпсіздік, заманауи қоғамның тәуекел факторлары, экологиялық технологиялар, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты нығайту бойынша зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

Семинар халықтың денсаулығын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бойынша тиімді стратегияларды дамытуға ықпал етті.