2026 ЖЫЛҒЫ 25 ҚЫРКҮЙЕК Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
×

Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55, 302 mezhdunar_otdel@eku.kz +7 (7232) 25-05-97 (внутренний номер -142)

Департамент басшылығы

Ниғманова Дана Құмарқызы

Ниғманова Дана Құмарқызы

Департамент директоры

Департамент туралы

Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті — университеттің стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімдерін біріктіретін құрылымдық бөлімшесі.

Жұмыстың мақсаты — университеттің даму бағдарламасына сәйкес ортамерзімді және қысқамерзімді кезеңдерге арналған қызметін стратегиялық жоспарлау, университеттің ұлттық және халықаралық рейтингтердің ТОП-ына кіруін жоспарлау және үйлестіру, білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттеуден өтуін, университеттің халықаралық қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Негізгі міндеттер

Сапа саясаты

Университеттің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету

Аккредиттеуді сүйемелдеу

Университеттің институционалдық аккредиттеуін және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуін ақпараттық сүйемелдеу

Білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттеуі

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментімен бірлесіп жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттеуін қамтамасыз ету

Мамандарды шетелде даярлау

Университеттің ең дарынды жастарынан білікті кадрларды әлемнің үздік шетелдік оқу орындарында даярлауға жәрдемдесу

Халықаралық ғылыми қызмет

Университеттің халықаралық ғылыми қызметін дамыту, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дің халықаралық ғылыми және инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысу сапасын арттыру

Қос дипломды бағдарламалар

Университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде қос дипломды бағдарламаларды енгізу және іске асыру

Академиялық ұтқырлық

Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасында академиялық ұтқырлық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Департамент қызметінің негізгі бағыттары

Сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу

  1. Білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі жұмысты үйлестіру, білім сапасын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша ПОҚ-қа, кафедраларға, университеттің Жоғары мектептеріне қолдау көрсету
  2. Аккредиттеу агенттіктері беретін ұсынымдарды орындау және ескертулерді жою бойынша университеттің Жоғары мектептері мен департаменттерінің қызметін университетішілік мониторингілеу және бақылау
  3. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау
  4. Білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес аккредиттеуден сәтті өту үшін өзін-өзі бағалау бойынша есептер дайындау мәселелері бойынша Жоғары мектептерге кеңес беру
  5. Аккредиттеу агенттіктерінің сарапшылар тобының университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, жұмыс берушілермен және білім алушылармен сыртқы кездесулері мен сұхбаттарын ұйымдастыру

Халықаралық ынтымақтастық

  1. Халықаралық ынтымақтастық саласында форсайттық зерттеулер әзірлеу
  2. Университет қызметкерлерін, докторанттарын, магистранттарын және студенттерін шетелге іссапарға жіберу (бағыттау) тапсырмаларын мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп келісу
  3. Мамандар даярлау, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламалары, баспа қызметі және шетелдік серіктестермен өзге де тікелей келісімдер саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру
  4. Ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау, университеттің халықаралық жоғары оқу орындары аралық байланыстарын перспективалық жоспарлау, жалпыуниверситеттік деңгейде байланыс орнату үшін серіктестер іздеу және іріктеу, СҚХЫД құзыретіне жататын бағыттар бойынша бірлескен қызмет жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге, жоғары оқу орындары аралық алмасулар мен байланыстарды жүзеге асыруға қатысу
  5. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес университеттің халықаралық жоғары оқу орындары аралық ынтымақтастығын жүзеге асыру бойынша Жоғары мектептерге, кафедраларға және университеттің басқа бөлімшелеріне жұмыста көмек көрсету және үйлестіру, СХХБ құзыретіне жататын мәселелер бойынша университет қызметкерлерін шетелдік оқу орындарымен жасалған келісімшарттар бойынша жұмысқа тартуға жәрдемдесу