7 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті барша қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды.

Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, Отанға адал қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы, ал елге деген сүйіспеншілік, жауапкершілік пен патриоттық рух – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылықтарының бірі.

Amanzholov University жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел болашағына жауапты тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Университет білім мен тәрбие арқылы қоғамның тұрақтылығы мен ел дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеуді маңызды міндеттердің бірі деп санайды.

Осы айтулы күні университет ұжымы ардагерлерге, әскери қызметкерлерге, құқық қорғау саласының мамандарына және ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс білдіреді.