12 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова мен университет басшылығының қатысуымен оқу орнының қызметі мен одан әрі дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланған Басқарма отырысы өтті.

Отырыс барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім беру және ғылыми әлеуетті нығайту, сондай-ақ университет инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды. Басқарма мүшелері халықаралық байланыстардың қазіргі жай-күйі мен оларды кеңейту перспективаларын, соның ішінде соңғы бес жылдағы ынтымақтастық нәтижелерін талқылады.

Сонымен қатар Ұлттық ғылыми зертхананың ұжымдық пайдалану ғылыми және инновациялық қызметіне, оның жұмыс нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларына назар аударылды.

 бағыттарды талқылау университеттің халықаралық байланыстарды дамытуға, білім беру ортасын жетілдіруге және ғылыми-зерттеу қызметін өркендетуге бағытталған кешенді ұстанымын көрсетеді.