2 қараша 2026


Туякбаев Бауыржан Толеубековичтың докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы Хабарландыру

2026 жылғы 12 қараша күні сағат 10:00 де «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ 8D05301 – «Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Реакторлық сәулеленудің АЖМПЭ негізіндегі композициялық материалдардың құрылымдық күйіне және радиациялық тұрақтылығына ықпалы» тақырыбына Туякбаев Бауыржан Толеубековичтың докторлық диссертациясын алдын ала қарауға арналған физика және технологиялар кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді.

Отандық ғылыми кеңесші:

Скаков Мажын Канапинович – ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті,физика және технологиялар кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Томск политехникалық Ұлттық зерттеу университетінің «Бақылау және диагностика» бөлімінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Градобоев Александр Васильевич (Ресей федерациясы, Томск қ.)

Ғылыми жұмыс диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылады.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Өткізу формасы: онлайн / офлайн.

ZOOM-да бейнеконференцияға қосылу үшін сілтеме:

https://us04web.zoom.us/j/3068181273?pwd=b29YUi9KSkhjcjJmcVRDWmZodDREdz09&omn=73837985690

Конференция идентификаторы: 306 818 1273

Кіру коды: Ak1bU5

Уақыты: 2026 жылғы 12 қараша сағат 10:00.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 148, ауд. 406.