5 Қазан 2023


ШҚУ-ДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА

Соңғы жылдары кітаптарды сандық форматқа көшіру жұмысы жаппай белең алды. Цифрлық түрге ауысқан қағаз кітаптарды еш қиындықсыз компьютерден, ноутбуктан немесе электронды кітаптарды оқуға арналған кез келген құрылғыдан оқуға болады.
Еңбек қорларын цифрландыру ШҚУ кітапханалары қызметінің басты стратегиялық міндетінің бірі. Осылайша Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхана бірегей материалдарды цифрландыру жобасының қатысушысы атанды. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мақсатында университетке ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының электрондық ресурстарды басқару қызметін цифрландыру секторының басшысы Анар Әбдірахманова келді.
Сапар барысында қонақ университет кітапханасының мүмкіндіктерімен танысып, сирек кездесетін қордың басылымдарын жоғары бағалады.