11 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «МАМАНДЫҚ ҮЗДІГІ – 2026» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аманжолов университетінде «Шетел тілдері» және «Ағылшын тілі» білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылған «Мамандық үздігі – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Аталған байқау – болашақ тіл мамандарының кәсіби шеберлігін, педагогикалық құзыреттілігін, ғылыми-әдістемелік дайындығын және шығармашылық әлеуетін жан-жақты анықтауға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал ету, заманауи білім беру талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандарды анықтау болды.

Байқау барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдана білетінін, тілдік құзыреттілігінің жоғары деңгейін, кәсіби ойлау мәдениеті мен педагогикалық шеберлігін айқын көрсете білді. Сонымен қатар, олардың шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы тапқырлығы, ғылыми-әдістемелік тұрғыда ой қорыта алуы және өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттері ерекше назарға алынды.

Әділқазылар алқасы әрбір қатысушының білім деңгейін, кәсіби даярлығын, педагогикалық әлеуетін және шығармашылық мүмкіндіктерін әділ әрі жан-жақты бағалады. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

«Мамандық үздігі – 2026» байқауы студенттер үшін өз білімін сынап қана қоймай, кәсіби тұрғыда өсуге, тәжірибе алмасуға және болашақ мамандығына деген сенімін арттыруға зор мүмкіндік берді.