18 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ТОП ЖАРДЫ

Шығыс Қазақстан облысында II Үлкен Ассамблея студенттік ойындары аясында ұлдар арасында футзалдан жарыстар өтті. Аталған дода өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің үздік командаларын бір алаңға жинап, нағыз спорттық бәсекенің үлгісін көрсетті.

Турнирге қатысқан командалар жоғары дайындық деңгейін, тартысты әрі көрерменге әсерлі ойын өрнегін паш етті. Әрбір матч шиеленісті жағдайда өтіп, жанкүйерлерге жарқын сәттер мен ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Ойыншылардың шеберлігі мен жеңіске деген жігері жарыстың көркін қыздыра түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын — Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

II орын — Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

III орын — Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрамасы жарыс барысында ұйымшылдық пен жоғары ойын шеберлігін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, лайықты түрде чемпион атанды. Команданың үйлесімді ойыны мен жеңіске деген табандылығы олардың көшбасшылық орнын айқындады.