6 апреля 2026


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАСТАРЫ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ауқымды сенбілік өтті.

Игі шараға университеттің 500-ден астам студенті, магистранты мен оқытушылары қатысып, оқу ғимараттары мен кампус аумағын тазарту жұмыстарына атсалысты.

Экологиялық бастаманы қолдаған жастар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Бұл акция Мемлекет басшысы ұсынған экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қоғамдық бастамалардың бірі саналады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтсе, университет басшылығы жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысуы қоғам үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді.

Аманжолов университетінің ректоры Мұхтар Төлеген жастардың табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамаларға белсенді қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.