9 сәуір 2026


АРМРЕСТЛИНГТЕН ЖАРЫС ӨТТІ

    «Дене тәрбиесі және спорт» ПЦБ онкүндігі аясында колледж студенттері арасында армрестлингтен жарыс ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттер арасында күш спортына деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті дамыту.

    Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-қуатын, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Тартысты өткен бәсекеде әр қатысушы жоғары дайындық деңгейін байқатты.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

 

    Аталған іс-шара студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың спорттық әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізді.