29 мамыр 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БАЛАЛАР БАҚЫТЫНЫҢ БОЯУЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен «Балалар бақытының бояуы» атты ашық форум өтті. Форумға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Форум аясында түрлі пікірталастар мен командалық тапсырмалар ұйымдастырылып, студенттер жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Нәтижесінде Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ командасы жүлделі I орынды иеленді. Сонымен қатар команда «Заңнаманы үздік білу» номинациясы бойынша арнайы грамотамен марапатталды.

Команданы дайындап, жетекшілік еткен — Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Дячук Марианна Ивановна.

Аталған жетістік студенттердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін және университеттегі құқықтық білім беру сапасының мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.