18 маусым 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІСІ

Amanzholov University студенті Жалғас Төреханов Ыстықкөл көлінің көркем жағалауында өткен халықаралық жарыста чемпион атанды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жалғас тамаша физикалық дайындығын, қайсар мінезін және нағыз спорттық рухын паш етті. Жарыс қорытындысы бойынша ол қарсыластарынан басым түсіп, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды.

Бұл жетістік – спортшының жеке жеңісі ғана емес, сонымен қатар бүкіл университет ұжымы үшін зор мақтаныш. Жалғас Төрехановтың жеңісі Amanzholov University студенттерінің білім мен спортты қатар алып жүріп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.