5 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТЕДІ

2026 жылғы 10 тамыз күні сағат 11:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

«Абайдың «Толық адам» ілімі және «Адал азамат» тұжырымдамасы» тақырыбындағы іс-шара барысында қатысушылар Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және рухани кемелдену жөніндегі көзқарастарын талқылап, олардың қазіргі қоғамдағы маңызына ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.

Семинар оқытушыларға, жас ғалымдарға, білім беру саласының мамандарына, студенттерге және Абай мұрасын зерттеуге қызығушылық танытқан барша қатысушыларға арналған.

Өтетін орны: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, 5-оқу ғимараты, «Абай» залы (Қазақстан көшесі, 55).