22 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ӨКІЛІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстандық ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мақсатқызы Мұқашевамен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыптары — әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және жас мамандарды қолдау.

Кездесуге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлжан Жарасова қатысты.

Жиынға Шығыс Қазақстан облысының білім, жоғары білім, ғылым және басқа да бюджеттік ұйымдар қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Назгүл Базарбайқызы Қасенова да қатысты.

Кездесу кезінде кәсіподақ жұмысының өзекті мәселелері, ұжыммен өзара іс-қимыл тетіктері және ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ жас мамандардың кәсіби қалыптасуына қолайлы жағдай жасауға және олардың еңбек құқықтары туралы ақпараттануын арттыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу бағдарламасының маңызды бөлігі — «AI CENTER AMANZHOLOV UNIVERSITY» орталығымен танысу болды. Айгүл Мұқашева орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, университеттің білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану тәжірибесін көрді.

Бағдарламаның соңында университеттің кәсіподақ активімен кездесу өтіп, қатысушылар тәжірибе алмасты және ұйым қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары университет пен салалық кәсіподақ арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.