10 шілде 2026
Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 04.03.2026ж. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» №112 бұйрығы негізінде «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына студенттерге 50 шәкіртақы бөлінді.
Конкурсқа күндізгі оқу бөлімінің ақылы және бюджет негізінде оқитын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А,А-) 3-4 курс студенттері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге өз жоғары мектептеріне барып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Жоғары мектеп деканының конкурсқа қатысу үшін ұсынысы (мінездеме);
- Транскрипт (үлгерімі тек “өте жақсы” (А, А-) болуы тиіс);
- халықаралық, республикалық олимпиадаларға, конкурстарға (шығармашылық, спорттық) қатысқан мадақтама грамотталарының копиясы;
- ғылыми жұмыстарының жинақтағы публикациясы (мақалаларының копиясы);
- диплом, грамота, сертификат, куәлік копиялары:
– ғылыми-зерттеушілік жұмыста белсене қатысқаны үшін;
– университеттің спорттық және мәдени, қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін.
Стипендия бір академиялық кезеңге қарастырылған – 01.09.2026 жылдан 31.12.2026 жылға дейін.
Тең жағдайларда басымдыққа ие:
- жетім балалар және ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар;
- кішкентай кезінен мүгедек және мүгедек балалар;
Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 20 қыркүйек сағат 17.00-ге дейін іске асырылады.