23 қыркүйек 2026


ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА ЛОГИКАСЫ

Бүгін AMANZHOLOV UNIVERSITY-де «Жаңа Конституция – мемлекеттің жаңа логикасы: билік, қоғам және әрқайсымыз үшін не өзгерді?» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Кездесуде жаңа Конституциядағы өзгерістер мен олардың қоғам өміріндегі мәні сөз болып, билік пен қоғам арасындағы өзара байланыс, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігіне қатысты мәселелер қозғалды.

Семинарды «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Баиркенова Гүлмира Төлеубекқызы жүргізді. Ол конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталып, олардың құқықтық маңызын түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты.

Семинар университет ұжымы үшін Конституциялық өзгерістердің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берген мазмұнды кездесуге айналды.