29 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР

Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Кездесуде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экология және география кафедрасының биология ғылымдарының докторы, профессоры Кульзипа Жүсіпқызы Дакиева және кафедра лекторы Дидар Қынатұлы Сейітжан мектеп оқушыларымен кездесті.

Кездесуде оқушыларға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі білім беру бағдарламалары, мамандықтар және оқу аяқталғаннан кейін меңгеруге болатын кәсіптер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушыларға университеттің білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттық буклеттер таратылды.

Жоғары сынып оқушылары кездесуге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Университет өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдауға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті.

Кәсіби бағдар беру кездесуі оқушылардың жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.