29 қыркүйек 2026


ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНГРЕСІНЕ AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 27–28 қыркүйек күндері Түркі академиктері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Ганира Пашаева және түркі әлемі: әдебиет, мәдениет, саясат және бірлік идеалы» атты халықаралық ғылыми конгресс өтті.

Онлайн форматта ұйымдастырылған халықаралық ғылыми жиынға 22 мемлекеттен 202 өкіл қатысты. Түркі әлемінің көрнекті әйел көшбасшыларының бірі, марқұм депутат Ганира Пашаеваның жарқын рухына арналған конгресс халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерінің кең ауқымды қатысуымен өтті.

Конгресс жұмысына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары, докторанттары мен магистранттары да белсенді қатысты. Университет өкілдері педагогика, тарих, философия, қазақ және ағылшын тілдері мен әдебиеті салаларындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми баяндамаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Ғылыми баяндамалар қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде ұсынылды. Зерттеушілер өз еңбектері аясында түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениеті, тарихы, тіл білімі, философиясы және білім беру салаларына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Халықаралық конгреске қатысу Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғылыми әлеуетін халықаралық ғылыми ортада танытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.