30 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕР АРҚЫЛЫ КАФЕДРАЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Университеттің халықаралық рейтингтері: кафедраны басқару және дамыту құралдары» тақырыбында семинар өтті.

Кездесуді кафедра меңгерушілерімен университет Басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова өткізді.

Семинарда халықаралық QS рейтингіне, оның негізгі индикаторлары мен университеттерді бағалау әдістемесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар университеттің қазіргі нәтижелерін қарастырып, мықты тұстары мен одан әрі дамытуды қажет ететін бағыттарды талдады.

Университеттің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттырудағы кафедралардың рөлі де талқыланды. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, жарияланым белсенділігі мен дәйексөз келтіру көрсеткіштерін арттыру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту, шетелдік серіктестермен байланысты кеңейту және университеттің академиялық беделін арттыру бағыттары сөз болды.

Кафедра меңгерушілері көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған шараларды талқылап, кафедралардың кадрлық, ғылыми және халықаралық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша кафедралардың алдағы жұмысының негізгі бағыттары айқындалып, Amanzholov University-дің халықаралық білім және ғылым кеңістігіндегі позициясын нығайтуға бағытталған міндеттер белгіленді.