1 қазан 2026


ДАЛАБАЕВ ТЛЕУБЕКТІҢ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫН АЛДЫН АЛА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ОТЫРЫС

2026 жылғы 6 қазанда сағат 11:00-де «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-да Физика және технологиялар кафедрасының диссертациялық жұмысты алдын ала қарауға арналған кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырыста Далабаев Тлеубек Нязбекұлының 8D01502 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Дифракция құбылысы мысалында болашақ физика мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік құзыреттерін қалыптастырудың әдістемелік негіздерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қаралады.

Отандық ғылыми консультанттар:

Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Физика және технологиялар кафедрасының профессоры, ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Нуризинова Макпал Манарбековна – философия докторы (PhD), Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Физика және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Шетелдік ғылыми консультант:

Али Чорух – PhD, Сакарья университетінің (Түркия) профессоры.

Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылады.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:

ZOOM конференциясына қосылу

Конференция идентификаторы: 786 7344 3586

Қолжетімділік коды: 5ZMyDG

Уақыты: 2026 жылғы 6 қазан, сағат 11:00.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 148, 406-кабинет.