2 қазан 2026


AI & DIGITAL BRIDGE АПТАЛЫҒЫ: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «IT HACK QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

AMANZHOLOV UNIVERSITY-де AI & Digital Bridge апталығы аясында «IT Hack Quiz: Білім. Логика. Инновация» интеллектуалдық ойыны өтті.

Интеллектуалдық-креативтік сайыс студенттердің жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, логика және заманауи IT бағыттарындағы білімін сынауға бағытталды. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, түрлі тапсырмаларды орындау кезінде жылдам ойлау, ақпаратты талдау және тиімді шешім қабылдау қабілеттерін танытты.

Сайысқа 4 команда, 20 студент қатысып, әр кезеңде өзара білім мен тапқырлықтарын ортаға салды. Тапсырмаларды орындауда командалық жұмыс та маңызды рөл атқарып, қатысушылар бірлесіп шешім қабылдау арқылы өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Бәсекелі әрі қызықты өткен ойын қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

 Бас жүлде — «Fire Woll» командасы

 I орын — «Matrix» командасы

 II орын — «404 Team» командасы

 III орын — «Smiths» командасы

«IT Hack Quiz» студенттер үшін білім мен технологияны ұштастырып, логикалық ойлау мен командалық өзара әрекетті дамытуға мүмкіндік берген мазмұнды алаңға айналды.

AI & Digital Bridge апталығы аясындағы мұндай интеллектуалдық форматтар студенттердің заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, цифрлық ортадағы білімдерін жаңа қырынан көрсетуге жол ашады.