5 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ұстаздар күніне орай білім мен тәрбие саласында еңбек етіп жүрген оқытушыларға құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік шаралар аясында ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Биология кафедрасында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты кездесу өтті.

Іс-шараны 6В01512 «Биология – жаратылыстану» және 6В01512 «Биология» IP білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері кураторы Назерке Маратқызымен бірлесе ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, педагог мамандығына деген құрметті арттыру және оқытушыларға алғыс білдіру.

Мерекелік бағдарламада студенттер ұстаздарға арнап музыкалық және шығармашылық қойылымдар ұсынып, ізгі тілектері мен жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Ән, өлең және шығармашылық нөмірлер мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, оқытушыларға көтеріңкі әсер сыйлады.

Студенттер өз өнерлері арқылы ұстаздың білім берудегі және жас ұрпақтың кәсіби әрі тұлғалық қалыптасуындағы маңызды рөлін атап өтті. Бағдарлама барысында оқытушылардың еңбегіне деген құрмет пен ризашылық ерекше көрініс тапты.

Жылы әрі достық атмосферада өткен кездесу оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара сыйластықты нығайтып, университет қауымдастығының бірлігін арттыра түсті.

Ұстаздар күні – білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген оқытушылардың еңбегін бағалап, олардың кәсіби қызметіне құрмет білдіретін маңызды мереке. AMANZHOLOV UNIVERSITY ұжымы барша педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріне береке және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейді.