5 қазан 2026


ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ: ҰСТАЗ АТЫ – БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кездесудің негізгі мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, оқытушыларға құрмет көрсету және олардың білім беру мен ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өту.

Іс-шарада кафедраның аға буын оқытушылары мен тәжірибелі ұстаздарына ерекше құрмет көрсетілді. Ұстаздардың көп жылғы еңбегі, кәсіби тәжірибесі және білім алушыларды даярлауға қосқан үлесі атап өтілді. Аға буын өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, әріптестері мен студенттерге ізгі тілектерін жеткізді.

Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасы заманауи цифрлық технологиялар саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған. Кафедрада жасанды интеллект, ақпараттық жүйелер, информатика және цифрлық технологиялар бағыттары бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға басымдық беріледі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына араласуына, жаңа технологияларды меңгеруіне және заманауи IT шешімдерді әзірлеу дағдыларын дамытуына жағдай жасалады.

Мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, студенттер ұстаздарға арнап ән айтып, өлең оқып, шығармашылық қойылымдарын ұсынды. Өнерлі жастар өз өнерлері арқылы оқытушыларға деген алғысы мен құрметін білдірді.

Кездесуде ұстаздық еңбектің маңызы, тәжірибелі оқытушылардың кейінгі буынға берер тағылымы және білім мен ғылым сабақтастығы туралы жылы пікірлер айтылды. Кафедраның аға буын өкілдеріне алғыс білдіріліп, олардың кәсіби жолы жас оқытушылар мен студенттерге үлгі екені атап өтілді.

Мерекелік іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, кафедра ұжымының өзара сыйластығы мен кәсіби сабақтастығын нығайта түсті.