5 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҰСТАЗДАР МЕН ЖАС ТҮЛЕКТЕРДІ ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұстаздар күні қарсаңында Өскемен қаласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен ұжымдарымен мерекелік кездесулер өтті.

Нұрлана Бауыржанқызы Алимбекова қала мектептері мен гимназияларына, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, педагогтер мен қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Сағидоллақызы Жарасованың атынан Алғыс хаттар табыстады.

Құттықтаулар мен Алғыс хаттарға №6, №15, №41, №1 мектептердің, №12 гимназияның және басқа да білім беру ұйымдарының педагогтері ие болды. Олардың қатарында биология пәнінің мұғалімдері Айнұр Әділбекқызы Асқарова мен Динара Дюсүпқызы Мусабаева, химия пәнінің мұғалімі Юлия Ивановна Яковлева, химия және биология пәндерінің мұғалімдері Гаухар Құмарбекқызы Мекеева мен Балнұр Назымқызы Сахариева бар.

Мерекелік кездесулер барысында университет түлектерін құттықтауға да ерекше мән берілді. Бүгінде олар білім беру саласында еңбек жолын жалғастырып келеді. Өскемен қаласындағы №30 орта мектепте 2025–2026 оқу жылында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алты түлегі еңбек жолын бастады. Жас педагогтерге университет басшылығы атынан құттықтау ашықхаттары табысталды.

Мұндай кездесулер университет пен мектептер арасындағы сабақтастықты нығайтып, кәсіби байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоғары оқу орнын тәмамдап, мектептерде еңбек етіп жүрген түлектермен байланысты сақтауға және олардың білім беру саласының дамуына қосып жүрген үлесін атап өтуге жол ашады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті педагогтер мен білім беру саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа жетістіктер, кәсіби мойындалу және шәкірттерінің алғысына бөленуді тілейді.