6 қазан 2026


ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ: «ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ЖӘНЕ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ШОЛУДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі «Әдебиеттерге шолу және библиометриялық шолуды дайындаудың заманауи тәсілдері: цифрлық құралдар мен технологиялар» тақырыбында оқыту семинарының өтетінін хабарлайды.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 8 қазан, сағат 15:00.

Өткізу форматы: офлайн.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34), 218-аудитория.

Мақсатты аудитория: докторанттар және университеттің осы тақырыпқа қызығушылық танытқан профессор-оқытушылар құрамы.

Спикер: Ержан Бағданұлы Домалатов — Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры.