8 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ТАБЫСТЫ ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Отбасы психологиясы және тұлғааралық қарым-қатынас» тақырыбында табысты әйелдермен кездесу өтті.

Іс-шара қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға, сондай-ақ әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған «Кешенді гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге психология ғылымдарының докторлары Алина Құралай Жұмкеновна мен Наталья Федоровна Фесенко тренер ретінде қатысты. Спикерлер – Ресейдің Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшелері және Қазақстанның Кәсіби психологтар лигасының мүшелері.

Кездесу кезінде қатысушылар үйлесімді қарым-қатынас орнату, отбасылық жанжалдардың туындау себептері және оларды сындарлы жолмен шешу тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар тәуелді қарым-қатынастар мен психобелсенді заттардың отбасылық жүйеге әсеріне ерекше назар аударылды.

Мамандар отбасындағы қолайсыз жағдайлардың белгілерін дер кезінде анықтау, кәсіби көмекке жүгінудің маңыздылығы және күрделі өмірлік жағдайларды еңсеруде отбасы мүшелерінің қолдауы қандай рөл атқаратыны туралы түсіндірді.

Сондай-ақ отбасы институтының негізгі міндеттері, қарым-қатынастағы өзара қолдау мен жауапкершіліктің маңызы қарастырылды. Ашық пікір алмасу форматында студенттер мамандарға сұрақ қойып, олардың кәсіби психологиялық тәжірибесіне негізделген жауаптарын алды.

Кездесу отбасылық қарым-қатынас, жеке жауапкершілік және қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды