23 қазан 2026


РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТАРИХ. ТҰЛҒА. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚ. БОЛАШАҚ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ САЙЫСЫ

23 қазан күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде Республика күніне арналған «Тарих. Тұлға. Қоғам. Құқық. Болашақ» атты интеллектуалдық-танымдық сайыс өтті. Іс-шара  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, экономика және құқық пәндер» бірлестігінің онкүндігі аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы  Қарлығаш Багдатованың ұйымдастыруымен өткізілді.

Сайыстың мақсаты — білім алушылардың Қазақстан тарихы, ұлттық құндылықтар, мемлекеттілік, азаматтық қоғам және құқық салаларындағы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін, азаматтық жауапкершілігін, тарихи санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Сайыс барысында Республика күнінің тарихи маңызына, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық мұраны қадірлеуге және құқықтық сауаттылықты арттыруға назар аударылды. Төрт кезеңнен тұратын білім додасына 3-курс студенттері командалар құрамында қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын — «Бірлік» командасы;

ІІ орын — «New generation» командасы;

ІІІ орын — «Бірлік күші» командасы.

Сонымен қатар, қатысушылар «Үздік тарихи білімпаз», «Үздік пікірталасшы», «Ең шығармашыл команда» аталымдары бойынша марапатталды.

Бұл сайыс студенттерге білімдерін танытуға, пікір алмасуға және ұлттық құндылықтардың қоғам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.