9 қараша 2026
AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ҒЫЛЫМИ START-UP ЖОБАЛАР» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Amanzholov University-де студенттердің ғылыми бастамаларын қолдауға және дамытуға бағытталған «Ғылыми Start-up жобалар» конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Биыл конкурсқа 21 студент әзірлеген 14 жоба ұсынылды. Оның ішінде 9 жоба жаратылыстану-техникалық бағытқа, 1 жоба педагогика және психология бағытына, 4 жоба әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа жатады.
Қорытынды кезең барысында қатысушылар өз әзірлемелерін конкурс комиссиясына таныстырып, олардың ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, бәсекелестік артықшылықтары, іске асыру механизмдері, енгізу перспективалары мен күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Конкурс комиссиясының құрамына: комиссия төрағасы — Басқарма мүшесі — Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Жұмағали Бейсенбайұлы Есенбек; Ұлттық ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхананың Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева; Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы Гүлнұр Дәулетханқызы Шарапиева; «Беткі инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Дастан Болатұлы Бүйткенов; Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Дидар Қинатұлы Сейітжан кірді. Комиссия хатшысы — Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің маманы Әлішер Әділетұлы Наурызбаев.
Ұсынылған жұмыстарды бағалау бірқатар критерийлер бойынша жүргізілді, оның ішінде ғылыми жаңалық, әзірлемелердің технологиялық ерекшеліктері мен бірегейлігі, практикалық маңыздылығы, рентабельділігі, күтілетін экономикалық және әлеуметтік әсері, сондай-ақ жобалардың таныстырылу сапасы ескерілді.
Конкурс бастамашыл студенттерді қолдауға, жобалық ойлау мен кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ келешегі бар ғылыми идеяларды әрі қарай іске асыруға мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйақыларға ие болады. Сыйақы төлемдерінің көлемі конкурсты өткізу туралы ережеге және ағымдағы қаржы жылына арналған бекітілген сметаға сәйкес белгіленеді.
Жеңімпаздардың есімдері конкурс комиссиясының жұмысы қорытындыланғаннан кейін қосымша хабарланады.








