9 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ 50+» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ҮСТЕЛ ТЕННИСІ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Күміс университет 50+» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үстел теннисі» сауықтыру-оқу курсы өз мәресіне жетті. Оқыту 2026 жылдың 19 қазаны мен 6 қарашасы аралығында өтті.

Курс барысында тыңдаушылар үстел теннисінің негізгі ережелерімен танысып, ойын техникасы мен тактикалық әдістерді меңгерді. Қатысушылар теориялық білімдерін практика жүзінде бекітіп, ойын дағдылары мен физикалық белсенділіктерін шыңдады.

Курстың қорытынды оқиғасы мамандандырылған Теннис орталығында салтанатты түрде сертификаттар табыстау шарасы болды.

Қатысушылар жоғары белсенділік пен қызығушылық танытып, жаңа дағдыларды меңгерді. Сондай-ақ денсаулықтарын нығайтуға, араласу ортасын кеңейтуге және бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алды.

Барлық тыңдаушыларды курсты табысты аяқтауымен құттықтаймыз!

«Күміс университет 50+» жобасы аға буын өкілдері үшін өмір бойы білім алуға, белсенді ұзақ өмір сүруге және өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.