10 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ ТӨМЕНДЕГІ БОС ЛАУАЗЫМ ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: Кафедра профессоры: Құқықтану – 2, математика -1.
Біліктілік талаптары:
3.1 Жоғары білім және ғылыми дәреже (ғылым кандидаты/докторы және/немесе философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор) және/немесе академиялық дәреже (философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор) және/немесе философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор дәрежесі, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген қауымдастырылған профессор (доцент) және/немесе профессор ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы және/немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Ғылыми атағы «профессор» болған жағдайда (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген), ғылымиметриялық көрсеткіштерге қойылатын талаптарсыз.
Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 5 (бес) жылдағы біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.
3.2 Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: ізгі ниеттілік, коммуникабелділік, эмпатия, күйзеліске төзімділік, эмоциялық тұрақтылық, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқытушылық және зерттеушілік дағдыларды дамыту қабілеті.
3.3 Соңғы 5 (бес) жылдағы ғылымиметриялық көрсеткіштерге қойылатын талаптар:
- импакт-факторы бар және JCR деректері бойынша алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе Web of Science Core Collection базасындағы Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстеріне енгізілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 2 (екі) ғылыми мақала және/немесе шолу, не Scopus дерекқорындағы CiteScore көрсеткіші бойынша процентилі «Естественные науки», «Математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Қызмет көрсету» бағыттары үшін кемінде 50 (елу), ал өзге бағыттар үшін кемінде 35 (отыз бес) болатын журналдар;
- бейіні бойынша басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақала және/немесе шолу;
- кемінде 2 (екі) монография және/немесе оқулық және/немесе оқу құралы және/немесе оқу-әдістемелік құрал және/немесе электрондық оқу ресурсы (ЭУР) және/немесе жаппай ашық онлайн курс (МООК);
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК беретін кемінде 1 (бір) белсенді (қолданыстағы) патент және/немесе зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Лауазым үміткерлеріне конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
- Конкурсқа қатысу үшін ректор атына өтініш.
- Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы;
- жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелер туралы дипломдардың, ғылыми атақ туралы құжаттың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары.
- Ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы жөніндегі анықтама;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының психоневрологиялық есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 24 қараша сағат 18:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:
Қазақстан к., 55 кабинет №406 (Кадрлар және құқықтық қолдау бөлімі). Жұмыс күндері күнделікті сағат 9:00-дан 18:00-ге дейін. Тел.: 24-12-79, ішкі. 129
10.11.2026ж.