10 қараша 2026


ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АДАМҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КИБЕРПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушысы Яна Ярославовна Тхоржевскаяның шеберлік сабағы өтті.

Киберпсихологияның дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылған іс-шара қазіргі ғылымның өзекті тақырыптарының бірі – адам интеллектісі мен жасанды интеллектінің өзара әрекеттесуіне арналды.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы ақпарат алу, ойлау және қарым-қатынас жасаудың қалыптасқан тәсілдерін өзгертуде. Осыған байланысты психология ғылымының алдында жаңа сұрақтар туындап отыр: цифрлық орта адамның танымдық үдерістері мен мінез-құлқына қалай әсер етеді? Жасанды интеллект қандай мүмкіндіктер ұсынады және оны қолдану кезінде қандай психологиялық тәуекелдер туындауы мүмкін?

Шеберлік сабағында қатысушылар адам мен цифрлық технологиялардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін зерттейтін заманауи психологияның перспективалы бағыты – киберпсихологиямен танысты. Сонымен қатар цифрлық ортаның адамға және оның күнделікті өміріне ықпалын ескеру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Бүгінде психолог маманының кәсіби қызметі адам тұлғасын терең түсінумен қатар, қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған цифрлық кеңістікті де меңгеруді талап етеді.

Шеберлік сабағы цифрлық трансформация жағдайындағы психология ғылымының жаңа міндеттерін зерделеуге мүмкіндік беріп, жасанды интеллектінің дамуымен байланысты өзгерістерді ескере алатын білікті мамандар даярлаудың маңызын көрсетті.