10 қараша 2026


ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚЫТАЙДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Алина Есмұхамбетова, Сұлтанбек Сатыбалды және Эльнұра Тоқтарғазина академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытайдың Шаньдун университетінде білім алып, елдің білім беру ортасы мен мәдениетімен танысуды жалғастыруда.

Студенттер үшін есте қаларлық іс-шаралардың бірі – Қытай студенттеріне арнап дайындаған таныстырылымы болды. Олар Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері туралы әңгімелеп, өз елінің ерекшеліктерін шетелдік студенттерге таныстырды.

Сонымен қатар жастар Local Bank мекемесіне барып, оның қызметімен және жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

Студенттерге ерекше әсер қалдырған кездесулердің бірі – университет оқытушыларының бірімен болған жүздесу. Ол жастарды үйіне қонаққа шақырып, оларға Қытай халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, жергілікті салт-дәстүрлерімен және қонақжайлық мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасады.

Мұндай іс-шараларға қатысу студенттерге академиялық біліммен қатар, өзге мәдениетті тереңірек тануға, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және шетелде Қазақстанның атынан ел танытуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе халықаралық академиялық ұтқырлықтың маңызды бөлігі саналады.