11 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫН ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында «Ерте жастағы балалардың дамуын диагностикалау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатын Насикова Асем Куанышпековна жүргізіп, ерте жастағы балалардың психологиялық дамуын бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес даму көрсеткіштерін анықтау және ықтимал даму қиындықтарын дер кезінде байқау мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында балалардың танымдық, эмоционалдық және психомоторлық даму ерекшеліктерін бақылаудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар ерте диагностикалауда қолданылатын әдістемелер мен психологтің кәсіби жұмысындағы негізгі қағидалар қарастырылды.

Болашақ психологтер үшін бұл кездесу теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, балалармен жұмыс істеудің кәсіби қырларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Әсіресе ерте жастағы балалармен жұмыс істеуде маманның байқағыштығы, сезімталдығы және жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.

Мұндай кәсіби шеберлік сабақтары студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастырып, психологиялық көмектің маңызын түсінуге ықпал етеді. Өйткені баланың дамуындағы ерекшеліктерді ерте анықтау оның болашақтағы әлеуетін қолдауға және қажетті көмекті уақытылы ұйымдастыруға негіз болады.